RU
Алматыда қалыңдық отырған кортеж екі полицейді қағып кетті (фото)

Алматыда қалыңдық отырған кортеж екі полицейді қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматының әл-Фараби даңғылында әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полициясы мамандандырылған батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған автокөліктердің кортежін байқады деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі

Оқиға өткен кеште болған.

"Жароков көшесінің қиылысында агрессивті жүргізушілерді тоқтатуға алғашқы талпыныс жасалды. Олар инспекторлардың талаптарын елемеді.

Құқық бұзушылар шығыс айналма автомобиль жолына шыққан кезде олардың қозғалысы бұғатталды. Тәртіп бұзушыларды ұстау үшін экипаж көліктерді тоқтатпақ болды. Алайда жүргізушілер полиция қызметкерлерінің әрекетін елемеді.

Аталған кортеждің ішіндегі "Тойота Камри" көлігі полиция лейтенанты Мақсат Қилыбаевты қағып кетті. Абырой болғанда ол автокөліктен дер кезінде өзін итеріп, дене жарақаттары айтарлықтай болмаған.

Сондай-ақ, "Лада Приора" көлігі полиция капитаны Жандос Бугаловтың тоқтау туралы талабын елемей, оны басып кетті (салдарынан тізе буынының зақымдануы анықталды, дегенмен ол ауруханаға жатудан бас тартты). Содан кейін полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігін соғып, жоғарғы жылдамдықта қозғалысын жалғастырған.

Инспектор орнынан әзер тұрып, дереу қызметтік машинамен артынан қуды. Сахариев көшесінде ол осы кортеждің үш бірдей автокөлігінің қозғалысын бұғаттай алды.

Көлік қыз ұзатудан оралып келе жатқан жастарға толы болды. Олардың бірінде қалыңдық болды", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

"Тойота Камри-70" автокөлігінің рөлінде 1996 жылы туған А. Б. Мамытжанов болды. Оған қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды:

- ҚР ӘҚБК 1-бөлімінің 613-бабы бойынша - полиция қызметкерінің талабына бағынбау;

- ҚР ӘҚБК 2-бөлімінің 509-бабы бойынша - КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқару.

"Лада Приора" автокөлігін 1998 жылы туған азамат Е. М. Хамза басқарған. Оған қатысты 4 әкімшілік хаттама толтырылды:

- ҚР ӘҚБК 10-бөлімінің 590-бабы бойынша - автокөлік әйнектерінде перде пайдалану;

- ҚР ӘҚБК 1-бөлімінің 613-бабы бойынша - полиция қызметкерінің талабына бағынбау;

- ҚР ӘҚБК 1-бөлімінің 603-бабы бойынша - КҚ стробоскоптарды қолдану

- ҚР ӘҚБК 2-бөлімінің 509-бабы бойынша - КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқару.

"Тойота Камри-30" маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1996 жылы туған А. Ж. Укашев болды. Оған қатысты 4 әкімшілік хаттама толтырылды:

- ҚР ӘҚБК 2-бөлімінің 509-бабы бойынша - КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқару.

- ҚР ӘҚБК 1-бөлімінің 612-бабы бойынша - жүргізуші куәлігінсіз КҚ басқару;

- ҚР ӘҚБК 590-бабының 5-тармағы бойынша - автокөлік әйнектерінде тонировкаларды пайдалану.

- ҚР ӘҚБК 590-бабының 5-тармағы бойынша - автокөлік әйнектерінде тонировкаларды пайдалану.

Бұдан бөлек, екі көліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерлерін басып кетпек болғаны үшін заң алдында жауап беретін болады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
4
2
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel