RU
"Теңізде" зардап шеккен шетелдіктер үйлеріне оралды (фото)

"Теңізде" зардап шеккен шетелдіктер үйлеріне оралды (фото)

Рассказать Вконтакте

Екінші шілде күні "Теңіздегі" тәртіпсіздіктен зардап шеккен бір топ иорданиялық инженерлер мен жұмысшылар өз еліне оралды деп хабарлайды royanews.tv-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Амман қаласына ұшып келгендерді Алия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Аль Хусейн ибн Абдалла II ханзаданың атынан Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади күтіп алды.

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Иорданияның сыртқы істер министрлігі елге демалысқа 107 адамның ішінен жұмыс орнын сақтап қалған 41 жұмысшы келгенін хабарлады.

Сафади азаматтарға ІІ Аль Хусейн ибн Абдалла ханзданың сәлемдемесін жеткізді. Басылымның жазуынша, Абдалла иорданиялықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салып, болған жағдайға қатысты алдағы іс-әрекеттерді қолға алған.

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Сафади азаматтарға қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Оған қоса, үйлеріне ливандық жұмысшылар да оралған. Олар Бейрутке жекеменшік ұшақпен ұшып келді. Қайтып келгендердің нақты саны 126 адам. Олар отбасыларымен келген.

Жоғарғы комитеттің бас хатшысы Мохаммед Хейр Қазақстан билігі Consolidated Contractors Company (CCC) мекемесінде қызмет ететін ливандықтарға жұмысқа орылғанда барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін "Теңіз" вахталық ауылында жұмысшылардың шеруге шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Фото: royanews.tv

Сіздің реакцияңыз
4
2
2
2
2
36
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel