RU
"Ұятсыз видео көреді": Күйеуінен бөлек жататын әйел не істерін білмей жүр
Жаңалықтар Қоғам

"Ұятсыз видео көреді": Күйеуінен бөлек жататын әйел не істерін білмей жүр

Рассказать Вконтакте

Күйеуімен арасы суып кеткенін байқаған әйел қай тұста қателік жібергенін түсіне алар емес. Қазір ол жұбайының басқа қыздармен сөйлесетініне де көз жеткізген. Бірақ, отағасы бұл әрекеттерін мойындамайды. Сорақысы, үйленгеніне енді ғана екі жыл болған жұбайлар қазір бөлек жатады екен. Бұл туралы келіншектің өзі Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: stihi.ru

Көрнекі фото: stihi.ru

Келіншек күйеуінің қызқұмар екенін енді ғана аңғара бастаған.

"Күйеуім басқа қыздармен сөйлесетін сияқты. Телефонынан бұрынғы қызымен сөйлескенін көрдім, бірақ мойындамайды. Кейде қызқұмар болып көрінеді, Телефоны қолынан түспейді, ұятсыз видеоларды көп көреді. Арамыз қатты суып кеткен сияқты. Үйленгенімізге енді екі жыл болады. 8 айлық қызым бар. Босанғалы бөлек жататын болдық", -деп бастады ол әңгімесін.

Дүниеге сәби әкелген соң 40 күн бойы өз анасының үйінде болған әйел бүгінде отағасының қасына да жақындай алмаймын дейді.

"Қырқынан шыққанша өз анамның үйінде, сосын ауылда болдым. Күйеуімнің жұмысы қалада болғандықтан ауылда бірге тұра алмадық. Ауылда енем жалғыз болды. Біращ қазір арамыз жақсы емес. Қалаға келсем де, әлі бөлек жатамыз, күндіз де, түсте ұйықтағанда қасына барсам, "ыстықтадым, ары жатшы, ана жаққа баршы" деп қуа береді",- деп налыды келіншек.

Ең сорақысы, күйеуі келіншекті достары мен таныстарының көзінше де сыйламай, аузына келгенін айтады екен. Тіпті, көршілердің әйеліне , жеңгелеріне жұрт алдында тиісіп, әйелінің беделін түсіретін көрінеді.

"Ұятсыз сөздерді көп айтады, Сыныптастарының әйелдерімен де ұялмай, ұятсыз сөздер айтады. Бұрынғы қыздарын "бүйткем", "сүйткем" деп менің көзімше айтады. Басында бұл сөздері ұнамайтын, бірақ амал жоқ көніп кеттім. Жеңгелерін де ұстап, тиісіп жүреді. Көршілердің әйелдеріне де тиісіп, "күйеуіңіз жоқ кезде шақырсаңызшы" деп көзімше айта береді. Бұрын шомылуға барғанда да көзімше басқа қыздарды ұстап, суға шомылдырып жүргенін көргенмін. Сонда да үндемедім, бәрін кешіріп келемін",- деп түйіндеді ол.

Амалы таусылған жас ана жанұясындағы жағдайдан әбден мезі болып, жұрттан кеңес сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
29
9
4
43
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel