RU
Білім министрі Қостанайдағы қазақ мектебінің жағдайына қатысты жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Білім министрі Қостанайдағы қазақ мектебінің жағдайына қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысының Қостанайдағы қазақ мектебі туралы твитіне жауап берді. Ол өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ввввв

Фото: Facebook/askhat.aimagambetov

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қостанай қаласындағы қазақ мектебі мәселесіне қатысты берген тапсырмасына сай тиісті шаралар қабылданды.

Мектеп өз жұмысын жалғастыра береді. Материалдық базасы жақсартылады.

Сараптама жұмыстарының нәтижесіне қарай, қажет болса жөндеу жұмыстарын да жүргізетін боламыз", - дейді министр.

Сонымен бірге, Аймағамбетов 1-қыркүйекке дейін тағы бір қазақ мектебі ашылу жоспарланғанын айтты.

"Қостанай қаласында 1-қыркүйекке дейін тағы бір қазақ мектебін ашу жұмыстарын жүргізудеміз.
Министрлік аталмыш мектепке қатысты мәселені арнайы бақылауда ұстайтынын xабарлаймын", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін президент Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепте орын алған мәселелерге назар аударған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel