RU
298 мың лайк: Желі оқырмандары жас қыздың арманын екі күнде орындады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

298 мың лайк: Желі оқырмандары жас қыздың арманын екі күнде орындады (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазір әлеуметтік желі алпауыт күшке ие. Осы уақытқа дейін біреудің күнкөрісіне, біреудің күнделігіне айналған Instagram да тіршілік тынысын бақылайтын алаңға айналған. Осыдан екі күн бұрын дәл осы желіде Ажар есімді қыз көптен көмек сұраған еді. Күшік сатып алғысы келген бойжеткен бұл арманын орындау үшін тек лайк басу қажеттігін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

14 жастағы Ажар күшікті зообақтан байқаған. Ал оны сатып алу үшін анасы қызының суретінде 250 мың лайк болуы қажеттігін айтыпты.

"Әрине, мен олай көп жинамаймын, бірақ маған үміт беріңіздерші. Сторис бөліміне салыңыздаршы, мен бұл күшікті қатты алғым келеді. Қоңыр пудель, 1,5 ай. Бұл ит байланыс зоосаябағында туған. Оны балалар қолдарына алғысы келіп, мазалайды. Бұл өте жаман көрініс. Оның ата-анасы сол жақта бес жылдан көп уақыт тұрады. Мен оны бұл кішкентай күшікке тілемеймін, сол себепті мен оны olx-тан емес, зоосаябақтан алып кетемін. Сіздер бұл күшікке ондай нәрсе тілемейсіздер ғой?",- деп жазған ол.

Алайда өзін үмітпен алдаған қыздың арманы екі-ақ күнде орындалды. Желі қолданушылары суретті белсенді түрде сторис бөліміне жүктеп, 298000-нан аса лайк жинады. Анасына лайк санын көрсеткен қыз қуанышында шек жоқ екенін айтып, көпшілікке алғыс білдірген.

"Сіздерге қолдауларыңыз үшін рахмет, мен анамды күшік алуға көндірдім! Бұл оңай болған жоқ... Мен сіздердің маған көмектескендеріңіз үшін қуаныштымын, енді күшік өзін жақсы көретін отбасыда тұратын болады. Мұның бәрі сіздердің арқаларыңызда, рахмет! Адамдар өз уәделерін орындау керек, әсіресе үлкендер! Сіздер маған арманымды орындауға көмектестіңіздер! Ертең біздің жанұямызға тағы бір мүше қосылады", -деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
1
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel