Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той кредитіне шектеу қойыла ма?": Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Опубликовано:

Қазақстанның Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев сенат спикері Дариға Назарбаеваның той кредиті туралы сұрағын жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: comode.kz, Sputnik Қазақстан/Болат Шайхинов
Фото: comode.kz, Sputnik Қазақстан/Болат Шайхинов: Facebook

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, елімізде берілген тұтынушылық кредиттердің 9 пайызы – "той кредиттері" болып табылады.

Досаев оған ешкім шектеу қоймайтынын алға тартты.

"Әрине, табыстың тиісті деңгейі болуы қажет. Дариға Нұрсұлтанқызы, бұл – әрбір отбасының жеке шешімі. Өкінішке қарай, бізде ондай кредиттерді ата-аналар алады, ал балалары қайтарып жатады. Сөйтіп, кредит оларға ауысып кетеді", - деп жауап берді бас банкир.

Досаев биыл халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шараларына басымдық берілетінін жеткізді.

"Себебі алған несиені қайтару керек. Әрине, "той кредитіне" тыйым сала алмаймыз. Дегенмен, біз осы кредиттердің саны мен көлемін реттеуді көздейміз", - деді ұлттық банк төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803079-toj-kreditenine-sekteu-kojyla-ma-lttyk-bank-tragasy-zauap-berdi/

pixel