RU
"Буря внутри меня" телехикаясының басты кейіпкерлері жайлы не білесіз?

"Буря внутри меня" телехикаясының басты кейіпкерлері жайлы не білесіз?

Рассказать Вконтакте

2017 жылы экранға шыққан "Буря внутри меня" телехикаясының желісі өзге түрік хикаяларынан ерекшеленіп тұрады. Туған әпкелі-сіңлілі қыздардың бір-біріне деген араздығы, сүйгеннің сатқындығы - көрерменді бейжай қалдырмайтыны анық. Өзіне қастандық жасаған туғандарына басты кейіпкер қандай жаза қолданады екен?

Фото: tehetham.com

Фото: tehetham.com

"Буря внутри меня" телехикаясының желісі

Оқиға Дениз және Эзги есімді апалы-сіңлілі екі бойжектеннің айналасында өрбиді. Эзги Дениздің жігіті Эмреге ғашық болады.

Эмре сүйіктісіне сөз салып, жақын арада отбасын құруға дайындалып жүреді. Осы кезде Эзги оларды айырылыстырудың амалдарын қарастырып жүреді.

Алайда махаббатқа басы кеткен ару қателікке бой алдырып, туған сіңлісін өлімге итереді. Өлдіге баланып жүрген Дениз қайта оралып, жүрегін жаралаған жандардан өш алмақ болады. Басты кейіпкердің жоспары іске асар ма екен?

"Буря внутри меня" телехикаясының кейіпкерлері

Гизем Караджа

Гизем Караджа 1992 жылы Стамбұл қаласында дүниеге келген. Актрисаның отбасы белгілі бір себептерге байланысты Америка Құрама Штаттаты мен Канадада тұрған. Актриса сол жерде мектепке барады.

Алайда Гизем 7 жасқа толғанда ата-анасы Түркияға қайтып оралды.

Оқуға аса назар аударған бойжеткен сәнқойлық кәсіпке қызықты. Актрисаның ата-анасы оның қалауын ескеріп, оны ақылы сәнқой курсына қатыстырады. Бойжеткен үнемі сұлулық байқауларына қатысуға тырысатын. Осылайша 2011 жылы бойжеткен "Түркия аруы" байқауында екінші орынға ие болды.

Осы сәттен бастап актрисаның өмірі түбегейлі өзгере бастайды. Ол алғаш "Путь эмира" телехикаясына түседі. Алайда сәнқойлық кәсіптен киноматографқа келген арудың мансабында түрлі жағдайлар орын алады. 2013 жылы актриса мен тағы 30 адамды полиция есірткі сақтады деген күдікпен ұстайды. Алайда тергеу кезінде актрисаны бостандыққа жібереді. Дегенмен бұл жайт Геземпнің мансабына әсер етпей қоймады. Осыдан кейін бойжеткен Нью-Йоркке көшіп, кино академиясында оқып, актрелік шеберлікті меңгеруді шешеді.

Актриса "Я люблю тебя мужчина", "Сельская красавица" телехикаяларына түсті. Ал 2017 жылы күллі Түркияға танылған "Черная любовь" хикаясында кішігірім рөлді сомдады.

Дәл сол жылы "Буря внутри меня" телехикаясында басты рөлді сомдайды. Желі бойынша Гезем сүйіктісі мен туған әпкесінің сатқындығынан жапа шегіп, өмірін түбегейлі өзгерткен арудың рөлін ойнайды.

Мерве Болугур

Мерве Болугур 1987 жылы Стамбұлда дүниеге келген. Атерлік шеберліктің қыр-сырын өнер орталығында жүріп меңгерді. Кәсіби білім алғаннан кейін бойжеткен түрлі жарнамалық роликтерден көріне бастады.

Серкан Шенальппен бірге түскен сондай роликтердің бірі актрисаны кино әлеміне әкелді. Осылайша Мерве "Acemi Cadi" телехикаясына шақырту алды. Дәл осы туындыдан кейін актрисаға продюссерлерден түрлі ұсыныстар түсе бастады.

2007 жылы "Gomeda" мен "Ak yeniden" кино жобаларына қатысты.

2010 жылы "Маленькие тайны" атты телехикая актрисаның бағын жандырып, көпшілікке таныта бастады. Ал танымал "Великолепный век" хикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған Мервенің есімі күллі әлемге таныла бастады.

Сондай-ақ, актрисаны "Кузей Гюней" телехкаясынан да көруге болады.

2017 жылы күллі Түркияға танылған, актриса Мерве 2017 жылы "Буря внутри меня" телехикаясында басты рөлді сомдайды. Желі бойынша ару сіңлісінің жігітіне ғашық болып, оны тартып алу үшін бәріне барады. Тіпті сіңлісінен арылуды да ойлайды.

Юсуф Чим

Юсуф Чим 1991 жылы Стамбұлда дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Анатолиялық техникалық колледжіне оқуға түскен. Содан кейін радио және телевизия Мемлекеттік университетіне қабылданады. Дәл осы кезде ол сәнқойлық және шоу-бизнес әлемінде мансабын құра бастайды.

20 жаста Юсуф сәнқойлық кәсіпте үлкен жетістікке жетеді. 2011 жылы актер "Түркияның ең үздік сәнқойы" аТағына ие болды.

Сол кезден бастап Юсуфтың суретін жылтыр бетті сән журналдырының бетінен көруге болады. Онымен Түркияның ең танымал брендтері жұмыс істейді.

2013 жылы Olsun Bi Kere әнін жазып, бейнебаян шығарды.

2014 жылы алғаш рет "Ezra" киножобасына қатысады.

2015 жылы өзінің Piramit тележобасын экранға шығарды.

2015 жылы Юсуф Чим "Запах клубники" телехикаясында басты рөлді сомдап, әлемдік танымалдыққа ие болды.

2017 жылы актер "Буря внутри меня" телехикаясында басты рөлді сомдады. Желі бойынша ол өлдіге балап жүрген сүйіктісінің тірі екенін біліп, оны қайтарып алуға тырысатын жігіттің рөлінде ойнайды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel