RU
"Бықсытып жүр": Бесбаев Бауыржан Ретбаевтың жеңілісі туралы шындықты айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бықсытып жүр": Бесбаев Бауыржан Ретбаевтың жеңілісі туралы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Мейрамбек Бесбаев "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасына қатысқан жас әнші Бауыржан Ретбаевқа қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы аталмыш жобада жеңіске жете алмаған жігіттің алдымен келіп алғыс білдіріп, кейіннен түрлі әңгіме айтып жүргенін түсіне алмағанын жеткізді деп жазады Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бесбаев Бауыржан Ретбаевтың "Жұлдызды жекпе-жекте" не себепті жеңіске жете алмағанын түсіндірді. Оған қоса, әнші жобада кімнің жеңгенін қалағанын жасырмады.

"Жоба жүз пайыз әділ өтті. Бауыржанмен қатар, Ерденді де қолдағандар болды. Ол жерде бәрі жұлдыз. Бірақ, іштей мен Ерден алса екен дедім. Мәселе талантын да емес, материалдық жағынан. Жаным ашып кетті. "Мындағы жұлдыздардың барлығында көлік бар, тек менде ғана жоқ" дегенде жүрегім езіліп кетті.
Бауыржан болса өкінішке орай, "Қазақстан дауысы" деңгейінде қалып қойған. Өсу жоқ, оны қазылар да айтты. "Неге дауыс бермедіңдер?" дегенімде, "тура сол Бауыржан ғой" деді. Бірақ Бауыржан адам екен. Біткеннен кейін келіп, ризашылығын білдірді. Өз қателіктерін білетінін айтты. Кейіннен бірақ бықсытып, бір жерлерде айтып жүр екен. Бір әңгімелерді шығарып жүр екен. Ол дұрыс емес деп ойлаймын" , - дейді Бесбаев.
Сіздің реакцияңыз
36
3
1
0
1
5
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel