RU
Әсия Беркенова қазақ мектептері жабылайын деп жатыр деп елді шулатқандарға ұсыныс жасады

Әсия Беркенова қазақ мектептері жабылайын деп жатыр деп елді шулатқандарға ұсыныс жасады

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласының орталығындағы №24а бастауыш мектебінің төңірегіндегі дау-дамай таусылар емес.

Ақын Әсия Беркенова қазақ мектептері жабылайын деп жатыр деп елді шулатқан ақпарат иелеріне ұсыныс жолдап, өтініш білдірді

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын 24а бастауыш мектебі Бородин көшесінде орналасқан бұрынғы кәсіби-техникалық колледждің ғимаратына көшіріледі дегенді естіп, ата-аналар наразылық білдірген болатын. Олар қала әкімі Қайрат Ахметовпен кездесіп, облыс әкімі мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция жазды.

Мәселе мәселесімен, ал осы жағдайды бірінен бірі іле жөнелген, өтірік-шынын қоса жазған ақпарат құралдарының өкілдері шектен шығып, тіпті «Қостанай қаласындағы жалғыз мектеп жабылғалы жатыр» деп әңгіме өрбітті.

Осы жағдайды іштен біліп, басы қасында жүрген әйгілі айтыскер ақын Әсия Беркенова ел азаматтарын сабырға, осы жәйттің ақиқатын бірге іздеуге шақырды. Сонымен қатар, қаладағы 6 қазақ мектебі мен биыл ашылғалы жатқан 7-ші қазақ тіліндегі мектептің ғимараттарын аралап, бар шындыққа бірге көз жеткізуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel