Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңсыз акцияларға қатысудан бас тарту керек: Бас прокуратура үндеу жасады

Опубликовано:

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың үндеуі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

бас прокуратура
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Дембаев 28 маусымда прокуратура органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бейбіт митингілер мен жиналыстар өткізудің тәртібі мен шарттары туралы заңға түсініктеме бергенін еске салды.

Ол мемлекеттің мұндай жария іс-шараларды өткізуге конституциялық құқықты іске асыруды «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде қамтамасыз ететінін алға тартты.

"Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде аталған заң талаптарын бұзып, 2019 жылғы 6 шілдеде санкцияланбаған митингтерді ұйымдастыруға және оған қатысуға арандатушылық шақыруларды тарату әлі де жалғасуда.

Жүргізіліп жатқан үгіт - жекелеген адамдардың жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған кезекті талпынысы.

Конституция мен ұлттық заңнамаға сәйкес мұндай іс-әрекеттерге тыйым салынады және жауапкершілікке әкеп соғады", - дейді бас прокурордың орынбасары.

Осыған байланысты, құқық қорғау органдары аталған заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесетін болады.

Дембаев рұқсат етілмеген жария акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру, не оларға қатысу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді.

"Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда Қылмыстық кодекстің 400-бабы  бойынша жауапкершілік туындайды (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі зиян келтірсе)", - делінген үндеуде.

Баяндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды заңды сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803207-zasyz-akcialarga-katysudan-bas-tartu-kerek-bas-prokuratura-ndeu-zasady/

pixel