RU
Қызылордада ауған соғысы ардагерінің сотталуы үлкен дау тудырды

Қызылордада ауған соғысы ардагерінің сотталуы үлкен дау тудырды

Рассказать Вконтакте

Қызылордада жастар арасындағы төбелеске қатысы бар деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Алмат Ақтаевқа елдің 9 облысындағы ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағалары араша сұрап жатыр. Олар арнайы петицияға қол қойған деп хабарлайды КТК арнасы.

кикаа

Скриншот: КТК арнасы

Сотталушының жақындары мен қорғаушылары әділдік іздеп Алматыға келді. Айтуларынша, Ақтаевқа тапсырыспен айып тағылған.

Елдің түкпір-түкпіріндегі ауған соғысының ардагерлері әріптестерінің ақталғанын талап етуде.

Ал Алмат Ақтаевтың жұбайы Айжамал әділдік барына үміттен күдігі ұлғайған. Өйткені, күйеуін жастар төбелесіне қатысы бар деп нақақтан нақақ соттаған көрінеді.

"Қорғаушыларының тауып отырған дәлеліне қарамай 4 жыл бас бостандығынан айырып отыр. Біздің ойымызша бұл Қызылорданың ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің, оның басшысы Сүлейменов Ғани алдында күйеуімді өзі бопсалап жүрді. Оны күйеуім маған айтып келіп отыратын. Сондықтан тапсырыс деп есептейміз", - дейді Айжамал Ақтаева.

Даудың басы алдыңғы жылы басталған. Ауылдастар арасында төбелес болып, бастапқыда бұзақылық бабымен іс қозғалады. 

Төбелескендердің бірі - Ауған соғысы ардагерінің жүргізушісі. Бірақ, бір қызығы Ақтаев жанжалға қатыспаса да, айыпты деп танылған.

"Сотталушы Ақтаев ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылсын. 4 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын", - деді судья сот отырысында.

Үкім залдағыларды аң-таң қалдырды. Ашынғандар ашудан тіптен сот залында талып жатты. Алмат Ақтаевтың өзі сотталуын тапсырыспен байланыстырады.

Ол бопсалау бабымен темір торға қамалған. Қорғаушылар бірақ бұлай айып тағуға ешқандай дәлел мен куә болмағанын алға тартады

"Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының басшысы Ғани Сүлейменов пен Ақтаев Алматтың жеке бас араздығы негізінде туындап отыр", - дейді адвокат Шолпан Балкеева.

Ауылдастар арасындағы жанжалдың соңы төбелеске тікелей қатысы бар жігіттердің жеті жылға сотталуымен аяқталды. Ауыл ақсақалдарынан бастап қазір тұрғындар да  сот шешіміне қарсы қол жинап жатыр.

16 шілдеде апелляциялық сот өтеді. Ауған соғысы ардагерінің жақындары ол жақта да қайыр болмаса, Жоғарғы сотқа дейін барамыз дейді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
5
0
7
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel