Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірісің бе, өлісің бе бәрібір": Дубай әміршісі қашып кеткен әйеліне өлең арнады

Опубликовано:

Дубай әміршісі Мохаммед бен Рашид Аль-Мактум өзінен қашып кеткен жұбайы Хайя бинт аль-Хусейнге өлең жолдарын арнаған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Twitter

Еске сала кетейік, бұған дейін шетелдік БАҚ беттерінде ханшайым Хайяның Дубай әміршісінен туған қызы мен ұлын және 40 миллион долларды алып, Германияға қашып кеткені хабарланды.

Бұл жағдайға қатысты өз ойын Аль-Мактум әлдеқайда бұрын білдірген болып шықты.

Ол әйелінің қашып кеткенін әлем жұртшылығы білмей тұрып, бір апта бұрын әлеуметтік желіде оған арнап өлең жолдарын жариялаған.

Араб тілінде жазылған туындыға Дубай әміршісі "Өмір мен өлім" деген атау берген.

"О, қымбаттым, менің басқа айтарым жоқ. Енді саған менің қасымда орын жоқ. Тірісің бе, әлде өлісің бе маған бәрібір" , - деп жазылған жыр шумақтарында.

Өз туындысында шейх сатқындық пен өтірікті сөз етіп, өлеңде сипатталған ару енді өз әрекеттерін жуып шая алмайтынын жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Дубай әміршісі қашып кеткен әйелімен сырттай ажырасуға тырысып жақатыны хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803289-tirisi-be-lisi-be-bribir-dubaj-mirsisi-kasyp-ketken-jeline-le-sygardy/

pixel