RU
"Жақтырмайды": Нұрлан Еспановтың қызы неге орамал тағатыны белгілі болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жақтырмайды": Нұрлан Еспановтың қызы неге орамал тағатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Әнші-сазгер Нұрлан Еспановтың қызы бүгінде бір жанұяның түтінін түтетіп отыр. Екі баланы дүниеге әкелген Айгерім Еспанова осы уақытқа дейін басынан орамалын тастамай жүр. Өз жолымен жүрген қызы жайында сазгердің жұбайы Жанар Еспанова айтып берді деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ Видеодан кадр

Фото: Instagram/ Видеодан кадр

Жанардың айтуынша, күйеу баласы мен сазгердің арасында ұқсастық бар.

"Ашық-шашық киінгенді күйеу бала да жақтырмайды, ұнатпайды. Орамалды да тағады, көп тақпаса да тағуға тырысады. Жолдастарының арасында лента етіп, тюрбан етіп тағады. Ашық-шашық киінбейді. Күйеу баласы атасына ұқсаған ғой", - дейді ол.

Сонымен қатар, әншінің жұбайы өзінің қашаннан бері орамал таққаны жайлы айтты.

"Басында келін болып келгенде тақтық. Көп тақпасақ та, үй жақта жүргенде, бір жаққа шығатын кезде тақтық. Ал намаз оқығаныма 11 жыл болды. Жабық киініп жүруге тырыстым. Орамалды тағып жүргеніме төрт жыл болды", - дейді Жанар Еспанова.
Сіздің реакцияңыз
7
1
4
0
3
23
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel