RU
Қазақстандағы білім: Президент 180 колледж бен 20 ЖОО құрылатынын айтты

Қазақстандағы білім: Президент 180 колледж бен 20 ЖОО құрылатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

уәлиии

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Facebook

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Білім саласындағы дамуға қарамастан жұмыс берушілердің көпшілігі ЖОО мен колледждерді бітірушілердің білім сапасына көңілдері толмайтынын айтқан президент кәсіби білім беру саласын жаңғырту керек екеніне тоқталды.

«Жуық арадағы 3 жылда 180 колледж және алдыңғы қатарлы 20 ЖОО құрылады», – деді Тоқаев.

"Бұл жерде бір мәселені ескерген жөн. ЖОО мен колледждер жаңадан ашылмайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, «Жас маман» жобасы аясында елдегі бар 20 ЖОО мен 180 колледждер іріктеп алынып, жаңартылады, жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Оларда арнайы орталықтар мен заманауи ғылыми зертханалар құрылып, деңгейлері халықаралық стандарттарға дейін жеткізіледі. Бұл мақсатқа, яғни ЖОО мен колледждерді модернизациялауға алдағы 3 жылда республикалық бюджеттен 58 млрд теңге бөлінеді", - деп жазды Берік Уәли.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel