RU
"Сол күйінше тұр": Арыс әкімі жарылыстан зақымдалған үйін өзі жөндеп алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

"Сол күйінше тұр": Арыс әкімі жарылыстан зақымдалған үйін өзі жөндеп алмақшы

Рассказать Вконтакте

Арыс қаласының әкімі жарылыстан зақым келген үйін өзі жөндеп алатын болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арыс әкімі жарылыстан соң зақымдалған үйін өзі жөндеп алмақшы

Мұрат қадырбек. Фото: dalanews.kz

Бұл туралы әкім Мұрат Қадырбек биринфг кезінде айтты.

Ол күні бүгінге дейін қала аумағындағы 200-ге жуық үйдің терезелері мен есіктері орнатылып, шатырлары реттелгенін, яғни, жөндеуден өткенін мәлімдеді.

Шенеунік жойқын жарылыс кезінде зақым келген өз үйі әлі жөнделмегенін атап өтті.

«Жөнделген үйлердің тізімінде менің үйім жоқ. Үйімнің есік пен терезелері сынған болатын. Сол күйінше тұр. Өз үйімді өзім жөндеп аламын. Ал әзірге оны бастаған жоқпын», - деген ол Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевтің Арыс аумағында пәтер жалдап тұрып жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек Мұрат Қадырбек жарылыс салдарынан істен шыққан тұрмыстық техникалар үй иелеріне сатып алынбайтынын мәлімдеді.

«Адам басына 100 мың теңгеден беріледі дедік. Негізі соны сол есепке жатқызып жатырмыз. Ал мал шығыны болғандарға, компенсация қосымша болады...», - деді Мұрат Қадырбек.
Сіздің реакцияңыз
26
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel