RU
Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel