RU
Ақтауда шомылуға кеткен ағайындылар үш тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Ақтауда шомылуға кеткен ағайындылар үш тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтауда құтқарушылар үш күннен бері шомылуға кеткен ағайындылар-Серік Төлбай мен Еркебұлан Әбуғалиді іздестіріп жатыр. Жоғалғандардың бірі 25-те болса, екіншісі он жаста деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жоғалғандардың жеке мұрағатынан

Фото: Жоғалғандардың жеке мұрағатынан

Басылымның хабарлауы бойынша жас жігіт пен жасөспірім 5 шілде күні ЖШС "Маэк-Қазатомпром", халық арасында "Шора" атанып кеткен су ағызатын арнаға шомылуға аттанған. Алайда, олардың кейінгі тағдыры не болғаны әлі белгісіз.

Жоғалған бауырлардың туыстарының бірі Саламат Бүркітов барлық немқұрайлы қарамайтын жұрттан көмек сұрады.

Ол іздестіру жұмыстарын өздігінше жалғастыру үшін сүңгуірлер, катер, тікұшақ және арнайы техника қажет екенін хабарлады.

Азаматтың айтуынша, әкімдік көмек көрсетіп жатқанымен жас жігіт пен оның жасөспірім інісі тек күндізгі уақытта іздестірілуде. Ал түнде бауырларды туыстары өздері іздеуге мәжбүр.

Тumba.kz басылымы Серік пен Еркебұлан жүзуге арнайы жабдықталмаған жерде шомылғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
16
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel