RU
6 шілдедегі митинг кезінде адамдардың не себепті ұсталғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

6 шілдедегі митинг кезінде адамдардың не себепті ұсталғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алтыншы шілде күні өткен санкцияланбаған митингке қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, ұсталғандар қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, жағдайды тұрақсыздандырып, қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ҚР ІІМ

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ҚР ІІМ

"Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар жағдайды тұрақсыздандырды. Олар Алматыдағы Абай көшесіндегі қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатпақ болды. Бізде видео бар. Бүгін оны беретін боламыз. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Республика алаңында. Осылайша азаматтардың демалысы мен мерекелік шаралардың өтуіне кедергі келтірді.
Сол себепті бұл тұлғалар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды" , - деді министр.

Сонымен қатар, Тұрғымбаев полиция өзін орынды ұстағанын атап өтті. Ол тәртіп сақшылары арнайы заттар мен техниканы қолданбағанын алға тартты.

"Бұған дейін Бас прокуратура санкцияланбаған митингтердің заңсыз екенін және ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырған болатын.

Оған қоса, орындар белгіленген (санкцияланбаған митингке қатысатын адамдар жиналатын жер – ред.).

Бұған дейін біз санкцияланбаған митингтерге қатысуға шақырған ұйымдастырушыларға қатысты екі қылмыстық іс қозғаған болатынбыз. Олар бұл митингтерді қаржыландырған. Оларды тінту кезінде 6 шілде күні қолдануға тырысықан дауыс зорайтқыштар, бояуы бар баллондар мен түтіндету құтысы тәркіленді.
Алайда, біз алдын алу шараларын қолданғандықтан бұл адамдар ұсталып, оларға қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Тергеу барысы жөнінде алдағы уақытта тағы да хабарлайтын боламыз" , - деді Тұрғымбаев.

Айта кетейік, алтыншы шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында санкцияланбаған митингілердің жолы кесілді.

Сіздің реакцияңыз
12
0
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel