RU

Нарықтағы негізгі сұранысты «қарапайым заттар экономикасы» өтейді

Нарықтағы негізгі сұранысты «қарапайым заттар экономикасы» өтейді. «Қарапайым заттар экономикасы» алдағы уақытта елімізде мыңдаған тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке 1,1 трлн теңге салық түсімдерін қамтамасыз етуге, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Нарықтағы негізгі сұранысты «қарапайым заттар экономикасы» өтейді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту және шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған мақсат-міндеттеріне сәйкес бүгінгі таңда Жамбыл облысында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы селекторлық режимде өткен ҚР Үкіметі отырысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баян етті.

Нарықтағы негізгі сұранысты «қарапайым заттар экономикасы» өтейді

Асқар Исабекұлының айтуынша, облыста 68 мың бизнес субьектісі тіркелген. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында барлық кәсіпкерлік субьектілеріне сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде құны 70,9 миллиард теңгені құрайтын 126 жоба қолдау тапқан. Ал, жалпы құны 497,7 миллион теңгені құрайтын 9 кәсіпорынның жобасы екінші деңгейлі банктермен мақұлданса, 20,1 миллиард теңгеге бағаланған 9 жоба қаралу үстінде.

Егер ұсынылған жобалар толықтай жүзеге асатын болса аймақта 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Жалпы облыста 376 елді мекен, 136 мың 625 аула (732 мың 432 тұрғын) бар. Бүгінгі таңда облыс халқының 60 пайыздан астамы елді мекендерде тұрады. Сондықтан да ауыл тұрғындарының табысын еселеп, тұрмыс сапасын арттыру мақсатында үй іргесіндегі қосалқы шаруашылықты және ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары қарастырылып, есебі шығарылды.

Нарықтағы негізгі сұранысты «қарапайым заттар экономикасы» өтейді

Облыс әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ облысқа қарасты барлық елді мекенді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалануға қатысты жалпы сомамсы 43,4 миллиард теңгені құрайтын 11 416 жоба жиналған. 19 маусым мен 5 шілде аралығында өңірдегі барлық елді мекендерге жұмыс тобы жеке барып танысып, барлық аулалардың дерекқоры жинақталды.

Асқар Исабекұлы облыс тұрғындарының бағдарламаға белсенділігінің өте жоғары екенін айта келіп, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін тілге тиек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803790-naryktagy-negizgi-sranysty-karapajym-zattar-ekonomikasy-tejdi.html