RU
5 млн теңгені иесіне қайтарған жігіттің жанұясы Нұр-Сұлтаннан пәтер ұтып алды

5 млн теңгені иесіне қайтарған жігіттің жанұясы Нұр-Сұлтаннан пәтер ұтып алды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында құны 15 млн 500 мың теңге тұратын пәтерді перзентханадан таяуда ғана шыққан Алина есімді келіншек ұтып алды. Бір қызығы, оның күйеуі Нұрсұлтан 2017 жылы Ұлттық гвардияның сарбазы болып жүргенде елорда көшесінен 5 млн теңге тауып алып, иесіне табыстаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nursultan_alina

Фото: Instagram/nursultan_alina

Cүйінші хабарды Facebook желісіндегі парақшасында Нұрсерік Жолбарыс атты азамат жариялады.

Оның сөзінше, журналист Дәулет Мұқаев ұйымдастырған ұтысқа тігілген басты сыйлық - бір бөлмелі пәтерді жақында ғана босанған келіншек ұтып алған.

Нұрсерік Жолбарыс пәтер бағасының 15 млн 500 мың тұратындығын атап өтті.

Ол елордалық келіншектің лотерея билетін сатып алғанын күйеуіне айтпағанын жеткізді.

"Күйеуі естіп қуанып жатқан шығар. Бір қызығы, күйеуі - Нұрсұлтан 2017 жылы Ұлттық гвардияның сарбазы болып жүргенде елорда көшесінен 5 млн теңге тауып алып, иесіне табыстаған.
Міне, енді сол адал ниеті, дұрыс қадамы Нұрсұлтанның отбасына үш еселеніп қайтты. Ниетіне қарай берген баспанасының құтты мекен болуына тілекшімін", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
6
0
2
2
4
101
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel