RU

Нұр-Сұлтанда элиталық тұрғын үй кешені өртенді (фото)

Нұр-Сұлтанда алты қабатты "Британдық квартал" тұрғын үй кешенінде өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Комитеттің хабарлауынша, 9 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД "101" пультіне 19:39-да Алматы ауданы Сарқырама көшесінің қиылысындағы алты қабатты "Британдық квартал" тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos
"19:46-та өрт сөндірушілердің алғашқы тобы келіп жеткенде шамамен 100 шаршы метр аумақтағы тұрғын үй шатыры жанып жатты. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті сөндіру үшін елордалық ТЖД жеке құрамынан 51 адам мен 11 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған", - деп хабардар етті ТЖК.
Фото куәгерлерден
Фото куәгерлерден: Depositphotos

Фото куәгерлерден
Фото куәгерлерден: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803843-nr-sltanda-kpkabatty-trgyn-j-rtendi-foto.html