RU
Екінші рет тұрмыс құрған Әсел Асқардың ұлы анасының шешімін қалай қабылдады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Екінші рет тұрмыс құрған Әсел Асқардың ұлы анасының шешімін қалай қабылдады?

Рассказать Вконтакте

Бірер күн бұрын екінші мәрте тұрмысқа шыққанын айтып, жұртты таңғалдырған Әсел Асқар жеке өміріндегі өзгерісіне қатысты ұлы қандай ойда болғанын айтты. Бүркіттің қарындасы тағы да отбасын құрмас бұрын алдымен баласының рұқсатын алғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар бірінші некесінде туған ұлы мен екінші күйеуінің қарым-қатынасы жөнінде Instagram парақшасында ашып айтты.

Оған қоса, желі жұлдызы баласының өз туған әкесімен араласпай кеткеніне бір жылдан астам уақыт өткенін жеткізді.

"Көпшілік бұл хайп немесе кезекті ойын деп ойлады. Алайда, шын мәнінде олай емес. Қазіргі таңда менің өмірімде болып жатқан дүниелердің барлығы - шынайы.Сіздерден көптеген хабарламалар түсіп жатыр. Олардың көпшілігі менің тұрмысқа шығуыма қатысты ұлымның қандай әсер алғаны туралы екен.

Ол бәрін түсінеді. Біз екеуміз ересек адамдар іспетті отырып сөйлестік. Әрине, мен одан рұқсат сұрадым.

Оның пікірін тыңдап, қандай жағдай болмасын мен оның қасында болатынымды айттым. Мен ұлыма бұл адамның мені қаншалықты бақытты ететінін жеткізуге тырыстым.

Енді біздің қамқорлығымызды өмірлік серігіме сеніп тапсырдым.

Арыстан туған әкесімен осыдан бір жылдан астам уақыттан бері араласпайды. Өкінішке орай ма, әлде қуанышыма орай ма білмеймін. Бірақ, ол оны мүлде есіне алмайды.

Ұлыма ер адамның тәлімі жетіспеді. Сол себепті, мен оларды таныстырғаннан кейін Арыстан оған махаббатпен қарайтынын байқадым.

Мен бұл мәселеге қатты алаңдадым. Мен үшін қымбат екі адам бар. Олар өзара тіл табыса алмай қалуы да мүмкін еді. Алайда, бұл жағдай мені теріс айналып өтті.

Енді ішкі жан дүниемде жеңілдік сезімі пайда болды. Қорқыныш пен уайым жоқ.

Бәрі армандағанымдай. Мен жаңа өміріме шешуші қадам жасадым. Мен бұл шешім мен үшін де, ұлым үшін де дұрыс болады деп сенемін" , - деп жазды Әсел Асқар.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Асқардың екінші мәрте тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
15
3
0
0
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel