RU
Сауда және интеграция вице-министрлері тағайындалды

Сауда және интеграция вице-министрлері тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ведомствоның жаңа вице-министрлерін таныстырды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанель Кушукова. Фото: primeminister.kz

Жанель Кушукова. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулыларымен Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрлері болып Жанель Кушукова және Азамат Асқарұлы тағайындалды. 

Жанель Кушукова Петропавл қаласында туған. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Демпингке қарсы бақылау комитетінің ішкі нарықты қорғау жөніндегі жетекші сарапшысы ретінде бастады.

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі сауда, халықаралық ынтымақтастық және экспорттық бақылау департаментінің кедендік және тарифтік саясат бөлімінің жетекші маманы. 

2004-2008 жж. - ДСҰ-ға кіру департаментінің кедендік-тарифтік реттеу бөлімінің бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.

2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің сыртқы сауда саясаты департаментінің директоры.

Соңғы 9 жыл бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда саясатын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 

Азамат Асқарұлы. Фото: primeminister.kz

Азамат Асқарұлы. Фото: primeminister.kz

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Гарвард университетін, Гонконг ғылым және технология университетін бітірген.

Түрлі жылдары «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС Халықаралық қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарды, «KTZ Express Hong Kong Ltd»-ны басқарды, «ҚТЖ Экспресс» АҚ әуе көлігі департаментінің бас маманы болды. 

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының кеңесшісі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel