RU
"Вишневый сезон" телехикаясының басты актерлері жайлы не білесіз бе?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Вишневый сезон" телехикаясының басты актерлері жайлы не білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Қалың көрерменнің назарына 2015 жылы ұсынылған түріктің танымал телехикаясы бүгінгі таңға дейін сұранысқа ие. Қызықты желі мен сымбатты актерлер құрамы кино сүйер қауымды қапы қалдырмасы анық. Олай болса "Вишневый сезон" телехикаясының актерлері мен желісімен таныс болыңыздар.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

"Вишневый сезон" телехикаясының желісі

"Вишневый сезон" телехикаясының басты кейіпкері - Ойкю есімді дизайнер ару. Бойжеткен бала күнінен жан құрбысының ағасы Метені ұнатып, оған ғашық болады. Алайда Мете Ойкюдің тағы бір құрбысы Шейманы сүйеді. Ойкю ешқашан бақытты болмайтынына мойынсұнып, тағдырын қабылдаған кезде оның өмірінде сәулетші жігіт Айаз пайда болады. Айаз танымал дизайнер-модельердің жалғыз ұлы. Ойкюдің жауапсыз махаббаты туралы білген сымбатты жігіт оған өз көмегін ұсынады. Ойкю мен Айаздың махаббат хикаясы қалай жалғасын табар екен?

Серкан Чайоғлы

Серкан Чайоғлы 1987 жылы Германияның Берлин қаласында дүниеге келген. Актердің ата-анасы бала күнінде Түркиядан Германияға көшіп кеткен. Серканның Эркан есімді сыңары бар. Актер Эрланген-Нюрнберг атындағы жоғарғы оқу орнында экономика факультетін тәмамдаған.

Серкан сымбаттылығының арқасында алты жылға жуық сәнқойлық кәсіпте жұмыс істеді. Алайда ол үнемі актер болуды арман еткен. Осылайша Серкан актерлік курстарға қатысып, уақыты бар кезде түрлі семинарларға барып, білім жинаған.

Серкан Чайоғлы ең алғаш рет 2011 жылы "Кузей Гюней" телехикаясына түсті. Осы киножобадан кейін актер көпшілікке таныла бастады.

2012 жылы актер "Ветка маслин" хикаясына шақырылып, басты рөл ұсынылады. Ал 2014 жылы Серканға "Вишневый сезон" телехикаясына түсуге мүмкіндік туады. Дәл осы телехикаядан кейін актердің жолы болып, түрлі жобаларға шақырту алады. Оған қоса тек Түркиядан емес, әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері пайда болады.

Өзге Гюрель

Өзге Гюрель Стамбұлда дүниеге келген. Осы қалада мектепті, содан кейін Байкент университетін халықаралық сауда мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, актриса Ескішехир қаласындағы бизнес-мектебін үздік бітірген.

Университетте оқып жүріп Өзге актерлік шеберлік курстарына барып жүрді. Себебі актриса болу бойжеткеннің бала күніндегі басты арманы болған.

Достарымен әңгіме барысында Өзге жаңа жобаға тыңдалым жүріп жатқанын білген. Бағын сынап көрген аруды продюссерлер байқап, жаңа жобаға қабылдады.

Ең алғаш рет "Где моя дочь?" телехикаясына түскен кезде ол әріптестерінен сабақ алып, қосымша актерлік шеберлігін шыңдайтын сабақтар алған.

Актриса бірнеше жарнамалық роликтерге түскен.

Өзгенің мансабын өрге домалатқан "Великолепный век" телехикаясы болып есептеледі. Ару актерлық құрамға соңғы маусымда қосылғандықтан танымалдыққа бірден ие болды. Хикаяда Өзге шахзаделердің бірінің сүйіктісін сомдайды.

Актирса қалың көреременнің назарына 2015 жылы жол тартқан "Вишневый сезон" телехикаясында да басты рөлде ойнайды.

Желі бойынша Ойкю жан құрбысының туған ағасын бала күнінен жақсы көріп, бой жеткен кезде ғашық болып қалады. Алайда сүйгені оған тек қарындасы ретінде қарайды. Сүйіктісіне қолы жете алмай жүрген дизайнер қыздың өмірінде сымбатты сәулетші Айаз пайда болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel