RU
Ұлы Абайдың әнін тамылжыта орындаған Дана Нұржігіт елді таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Браво": Абайдың әнін тамылжыта орындаған Дана Нұржігіт елді таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, кемеңгердің әнін орындап, көпті таңдай қақтырды. Желі қолданушылары журналистің дауысына тамсанған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындаған Дана Нұржігіт эстафетаны әнші Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевке жолдаған.

Ол желідегі парақшасында:

"Ал, жігіттер, Абай атамызға арнау күтеміз!", - деп жазған.

Ал желі қолданушылары болса тележүргізушінің мұндай әдемі даусы бар екенін білмегендіктерін жарыса жазып жатыр. Олар:

"Керемет", "Жарайсыз Дана ханым", "Әдемі дауыс, әдемі ән" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Олардың арасында таланатты әнші Димаш Құдайберген де бар.

Ол тележүргізушінің әнді орындауына "Браво" деген пікір қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel