RU
Kaspi bank бұрынғы қызметкері жайлы ақпарат берген адамға 10 млн теңге сыйақы бермек
Жаңалықтар Қоғам

Kaspi bank бұрынғы қызметкері жайлы ақпарат берген адамға 10 млн теңге сыйақы бермек

Рассказать Вконтакте

Kaspi Bank-тың ресми Instagram парақшасында бұрынғы қызметкеріне іздеу салғаны жайлы хабарлама пайда болды. Ол туралы мәлімет айтқан адамға банк ірі көлемдегі сыйақы тағайындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желідегі жазбаға сүйенсек, Kaspi Bank-тің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев банк атын жамылып, Kaspi-дің клиенттерін алдап келген деген күдікке ілінген.

Банктің мәліметінше, ер адам кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен жәбірленушілерді өзінің шотына ақша аударуға көндіріп, кейін бой тасалаған.

Осы орайда Kaspi кінәлі адамдарды тауып, оларды жазалау және клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта полиция тергеу-іздестіру шараларын бастап кеткен.

"Руслан Сексембаевтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 000 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындайды", - делінген хабарламада.

Деректер +7 705 211 16 93 телефон нөмірі арқылы қабылданады.

Сонымен қатар банк жапа шеккен жандар болса Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрады.

Сіздің реакцияңыз
7
6
2
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel