RU
Автобус жүргізушісі мен самокаттағы жігіт оқиғасы: Куәгер өз көзімен көргенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Автобус жүргізушісі мен самокаттағы жігіт оқиғасы: Куәгер өз көзімен көргенін айтты

Рассказать Вконтакте

Алматының қақ ортасында автобус жүргізушісіне шабуылдаған самокаттағы жігіттің оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды. Оқиға куәгері сол күні өз көзімен көргенін баяндап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Автобус ішінде болған ер адам оқиғаның қалай өрбігенін терезеден көрген. Оның сөзінше, самокаттағы жігіт бордюрге жақын жүріп, қозғалысқа еш кедергі келтірмеген.

Куәгер автобус жүргізушісі өзін біртүрлі әрі кейде агрессивті түрде ұстағанын алға тартты. Бір сәтте қоғамдық көлік тізгініндегі азамат аса қауіпті іс-әрекет жасамақ болып, өзге автобусты басып озуға тырысқан.

Автобус самокаттағы жігіт пен көліктер арасынан әрең дегенде сығылысып өткен.

"Бұл мезетте ішімде бәрі сыздап кетті. Себебі, мен автобус пен самокаттағы жігіттің арасындағы қашықтық 10-20 сантиметр ғана болды деп ойладым. Ол оны басып кетеді деп ойладым" , - деді куәгер.

Автобус жүргізушісімен болған қақтығыс кезінде самокаттағы жігітті көлік қағып кеткен.

"Автобус жүргізушісі оқиғадан соң, бірден салон ішіне кіріп кетті. Ол зардап шеккен жігітке көмек көрсетуге тырысқан жоқ" , - деді ер адам.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісіне шабуылдаған самокаттағы ер адамның басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
10
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel