RU
Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобуспен соқтығысты

Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобуспен соқтығысты

Рассказать Вконтакте

Украинаның Запорожье облысында демалыс орнынан қайтып келе жатқан ішінде балалар бар автобус тізбегі жол апатына ұшырады. Олар ел президенті Владимир Зеленскийдің кортежіндегі көліктермен соқтығысқан. Бұл туралы "Это Запорожье" Telegram-каналында жазылды деп хабарлайды strana.ua басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: strana.ua

Фото: strana.ua

Алдын ала ақпарат бойынша жол-көлік оқиғасына жеңіл автокөліктердің автобустар легін басып озуы себеп болған.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерден жеңіл көліктердің қатты зақымданғанын байқауға болады. Автобустардың бірі жолдың шетіне шығып кеткен. Алайда, полицияның алдын ала мәліметінше, автобус ішіндегі жолаушылар да, балалар да зардап шекпеген.

Фото: strana.ua

Фото: strana.ua

Мемлекеттік күзет басқармасының дереккөздеріне сүйенген басылым автобустар легін Зеленскийдің кортежіндегі екі Volkswagen Touareg пен президент қауіпсіздігі қызметінің шағын автобусы басып озғанын жазды. Белгілі болғандай, олар Киевке қарай жол тартқан. Ал көлікте Зеленский болмаған. Ол астанаға ұшақпен кетіп қалған.

"Мемлекеттік қызмет басқармасында үздіксіз люстрация салдарынан қазір былық. Штаттағы 30 жүргізушінің тек жартысы ғана қызмет етуде. Кадр жетіспеушілігі мен тығыз жұмыс кестесінен көлік жүргізушілері тәуліктеп ұйықтамайды. Жол апаты да осыдан" , - деді дереккөз.
Сіздің реакцияңыз
7
4
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel