RU

Күйеуімен вальс билеген Салтанат Бақаева көпшілікті тәнті етті (видео)

Салтанат Бақаева Instagram парақшасына жұбайымен билеген видеосын жүктеп, көпшілікті сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақаева. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Бақаева. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әншінің айтуынша, видео кенже ұлы Айтөренің 1 жасқа толған тойында түсірілген.

"Телефонымды тазалап отырып, мына қызық видеоға тап болдым. Айтөремнің 1 жасында түсірілген. Негізі сол күні қызықты сәттер көп болды. Соның бірі осы видеоға түсіп қалыпты", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары әнші мен күйеуінің жарасымды жұп екенін айтып, ақ тілектерін жаудырған.

"Екеуіңіз күшті жұпсыздар. Аллам екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Ұлдарыңыздың артынан қызды болыңыздар", "Бақытты болыңыздар", "Күйеуіңіз қамқор екен", Сендердің жұптарыңа көз тимесін! Күйеуің де керемет жан сияқты. Байқалып тұрады. Сен ақылды екенсің. Әрдайым осылай болғай! Мен танитындардың көбісі сендерді қатты сыйлайды".
"Жұптарыңыз ажырамасын", "Күйеуіңіздің сізді сүйетіні көрініп тұр", "Сіздерді тіл-көзден сақтасын" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші хит әнінің авторымен болған жанжал жайлы алғаш рет ашық айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804710-kjeuimen-vals-bilegen-saltanat-bakaeva-kpsilikti-tnti-etti-video.html