RU
Алматыда жарықтың не себепті сөнгені белгілі болды

Алматыда жарықтың не себепті сөнгені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін 15 маусымда сағат 14:14-те "АлЭС" АҚ ЖЭО-2-де техникалық ақау орын алып, салдарынан қаланың бірқатар аумағы жарықсыз қалды деп хабарлайды Алматы қаласы Энергетикалық тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: adyrna.kz

Фото: adyrna.kz

Қазіргі таңда ЖЭО-2-де КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді.

Сол сияқты қаланың сыртқы аумағында (KEGOC жолағы 220 кв) да электрді беру жұмысы қолға алынып жатыр.

Жарық көзін қайта қосу шамамен 1-1,5 сағаттан кейін болмақ.

Ал сағат 17:00-де қалаға электр энергиясы толығымен берілетін болады.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта қалада бағдаршамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол полициясының 450 қызметкері жол қозғалысын бақылауға алған.

Арнайы жұмыс тобы оқиғаның не себепті орын алғанын анықтап жатыр.

Мегаполистегі ахуал жіті қадағалауға алынған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel