RU
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда қазақстандық Shkoda көлігімен жүр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда қазақстандық Shkoda көлігімен жүр

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов елордада отандық құрастырудан өткен Shkoda автокөлігімен жүр. Қала басшысының сапарынан үзіндіні Дулат Әбибуллаев Facebook парақшасына жүктеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Елордада Алматы үлгісі бойынша "Бақытты отбасы "орталығы ашылады. Астананың жаңа әкімінің алғашқы жобаларының бірі.
P .S. Жаңа мэр Алтай Күлгінов ̶A̶u̶d̶i̶ отандық Shkoda автокөлігіне көшті", - деп атап өтті Әбибуллаев "Қазақстан" телеарнасының сюжетін қоса отырып.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде болған Алтай Көлгінов жанжалдың ортасында болған еді. Сол кезде аймақ басшысында 56 млн теңге тұратын Audi A8 автокөлігі пайда болғаны анықталған.

Автокөлік арнайы тапсырыс бойынша дайындалған және үздік жиынтықта сатып алынған. Көліктің іші сирек кездесетін ағаштың түрімен және қымбат мультимедиялық жүйесімен ашық түсті терімен жасалған.

Кейін БҚО бұрынғы әкімі көлік тест-драйв талабымен жалға алынғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel