RU
Қайрат Төребаев сауда және интеграция вице-министрі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қайрат Төребаев сауда және интеграция вице-министрі болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Төребаев Қайрат Қалмұқаметұлы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Қайрат Төребаев 1979 жылы Алматыда туған. 

2000 Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және 2012 жылы Берн Университетінің дүниежүзілік сауда институтын бітірген. Мамандығы - халықаралық экономист, халықаралық құқық және экономика магистрі.

2001 жылдан 2012 жыл аралығында сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеді.

2012 жылдан 2014 жыл аралығында экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды. 2014 жылдың қазанынан бастап қазірге дейін Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры ретінде болып жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel