Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кешьюдің бұрынғы әншісінің тұрмысқа шыққалы жүргені рас па?

Опубликовано:

Кешью тобының бұрынғы әншісі Назым Әбілдина Instagram парақшасына той көйлегімен түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қалыңдықтардың не сезінетінін енді түсіндім", - деп жазған жас әнші.

Желі қолданушылары болса, Кешьюдің бұрынғы әншісін сұрақтың астына алған.

"Тұрмысқа шыққалы жүрсіз бе?", "Әдемі болып тұрсың. Тұрмысқа шығасың ба?", "Бақытты бол" деп жазған желідегілердің бір тобы.

Ал желі қолданушыларының жартысы той көйлегінің тым ашық-шашық екенін айтып, сынаған.

"Мына көйлек сізге жараспайды", "Қалыңдығыма мынадай көйлек кигізбес едім", "Ашық-шашық жүрмегенің жақсы", "Мынадай қалыңдық болмағаның дұрыс" деп жазды олар.

Айта кетейік, Назым Әбілдинамен бірге топта өнер көрсеткен Ақбота Құрманғали танымал қазақстандық спортшы Садриддин Ахметовпен көңіл жарастырған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін танымал жұлдыздардың жұбайы атанған кешьюлік арулар жайлы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804962-kesu-tobyny-bryngy-nsisi-trmyska-sykkaly-zr-me/

pixel