RU
Абайдың 19-шы қара сөзін жатқа оқыған Әбдіхалықова жұртты тәнті етті (видео)

Абайдың 19-шы қара сөзін жатқа оқыған Әбдіхалықова жұртты тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджді қабылдап, ұлы ақынның 19-шы қара сөзін оқып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: assembly.kz

Фото: assembly.kz

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғановадан ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай басталған челленджді құрметпен қабыл алдым.
Ұлы Абайдың шығармалары ішінде шоқтығы биік туындылары - оның "Қара сөздері". 19-қара сөзіне тоқталсам", - деді Әбдіқалықова.

Еске сала кетсек, Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.

Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты.

Тоқаев эстафетаны қос министрге және Димш Құдайбергенге жолдады.

Абай шығармашылығын дәріптеп, эстафетаны шенеуніктер, танымал спортшылар, отандық әншілер жалғастыруда.

Челлендж республикалық деңгейде ғана қалып қоймады. Эстафетаға танымал шетелдік тұлғалар да қатысуда.

Кеше, мемлекет басшысының хатшысы Берік Уәли Абай өлеңін оқуды жалғастырды. Ол эстафетаны парламент сенатының депутаты, комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықоваға және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа жолдады.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel