RU
Шешенстанда музыканттарға биліктің рұқсатынсыз ән айтуға тыйым салынды

Шешенстанда музыканттарға биліктің рұқсатынсыз ән айтуға тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Шешенстанның мәдениет министрі әртістерге кез келген жерге ән айтуға тыйым салды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: wikikavkaz.ru

Көрнекі фото: wikikavkaz.ru

Шешенстанның мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев әлеуметтік желіде танымал болған елдің поп-әншілеріне биліктің рұқсатынсыз әндерін жариялап, концерт қоюға тыйым салды.

Дааевтың музыканттармен кездесуін "Грозный" мемлекеттік телеарнасы көрсеткен.

Сюжетте YouTube каналы соңғы кезде "шешен дәстүрі мен ережесінен айналып өтіп", кең аудиторияға өнер көрсететін алаңға айналып кетті делінген.

Министрдің айтуынша, егер адам әнші боламын деп шешсе, оның мәдениет министрлігі мақұлдаған арнайы репертуары болуы керек деп есептейді.

Басылымның мәліметінше, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың бұйрығы бойынша мәдениет министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия мақұлдаған кезде ғана, әншілер халыққа бара алады.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
1
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel