Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәк емессің": Неке түнінде қыздық шықпаған ару арының таза екенін дәлелдей алмай жүр

Опубликовано:

21 жастағы ару күйеуіне өзінің пәк болып тұрмысқа шыққанын дәлелдей алмай жүр. Қаңтар айында қалындық атанған бойжеткеннің бірінші неке түні қыздығы шықпай қалып, жолдасының тарапынан сенімсіздік тудырған. Алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан ақпауы мүмкін екенін түсінгісі де, сенгісі де келмеген жігіт жарын жезөкше деп балағаттап қана қоймай, қол көтере бастаған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: Sputnik Тәжікстан
Көрнекі фото: Sputnik Тәжікстан: Facebook

Тығырыққа тірелген ару басына түскен ауыр жағдайға байланысты жан сырын ақтарды.

"Үйде кенже қызбын. Сүйіктім мені қаңтарда алып қашты. Тұрмысқа қыз болып, арым таза болып шықтым, бірақ қан ақпады. Ай соңында көтердім. Күйеуім күнделікті маған "бұрында жатқансың, сен жезөкшесің" деп балағаттауды әдетке айналдырып алды.
Түсіндіруге де тырыстым, жылап та айттым. Түн жамылып тұрғанда қолыма нан ұстап та айттым. БІрақ, ол бәрібір сенер емес. Мен және Алла тағала ғана біледі менің қандай болғанымды" , - деп бастады ол.

Күйеуіне өз пәктігін дәлелдей алмай әлек болған бойжеткен онымен бірге тіпті гинекологқа барып тексерілгісі келген.

"Шешеме дейін боқтап, туған бауырларымды да кінәсіз туысқандарымды да балағаттайды. Оған қоса, қол көтеретін болды. Гинекологқа барып сұра, барлық әйелдерде қан болмауы мүмкін, әр түрлі себеппен деп те айтып жүрмін. Бірақ, сенер емес. Не істерімді білмеймін" , - деп ағынан жарылды ару.

Ашуға бой алдырғысы келмегенімен 21 жастағы бойжеткенді өзінің мұндай қорлыққа лайық еместігі қынжылтады.

"Шыдамның да шегі бар, сөзімен жеп қояды. Ондайға лайық емеспін. Өзімді қорғағым келеді. Бірақ, әлім жетпейді. Мойнымнан қысады, қодарымды көгертіп қояды. Өмір бойы олай жүргенін де қаламаймын. Арнайы мамандардан сұра десем де, өзі барғысы келмейді.
"Сен шындығынды айт" дейді, "сен қыз болып шыққан жоқсың ғой иә? Шыныңды айтсаң мен саған ренжімеймін" дейді. Бірақ өтірік нәрсені неге мен иә, мен сондаймын деп айтуым керек. Ішімдегі баладан да күмәнданатын болған, бала керек емес деп те айтады, өле қал дейді" , - деп айтты қиын жағдайға тап болған қыз.

Ол мұңын кіммен бөлісерін де білмейтінін жеткізді. Әке-шешсін көргенде іштей жылап, оларға ештеңе білдірмеуге тырысады. Сүйіктісінің сенімінен айырылған ару бұл жағдайға қатысты кімнен кеңес сұрарын да білмей жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805310-pk-emessi-neke-tninde-kyzdyk-sykpagan-aru-aryny-taza-ekenin-dleldej-almaj-zr/

pixel