RU
Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің құрамы қалай жасақталғанын айтты

Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің құрамы қалай жасақталғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілді. Осы орайды кеңес хатшысы Ерлан Қарин құрамның қалай жасақталғанын айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ерлан Қарин. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Ерлан Қарин. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қариннің сөзінше, ұйымның құрамына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері кірген. Олар бегілі бір тәртіпке сәйкес іріктеліп алынған.

"Кеңестің құрамын анықтау үшін соңғы бір айда консултациялар өткізілген болатын. Сол консултацияларда айтылған пікірлерді жүйелеп, осындай шешімге келдік. Қоғам белсенділері мынандай тәртіпке сәйкес іріктелді.
Ұзақ уақыт бойы қоғамдық маңызы бар мәселелерді тұрақты көтеріп жүрген белсенділер, нақты бір сала бойынша шұғылданып жүрген кәсіби мамандар кеңеске кірді.
Олар қоғамның барлық саласынан іріктелді. Саяси-қоғамдық алаңдардың, түрлі саяси күштердің өкілдерін тартуға тырыстық. Ескі оппозиция өкілдері де, жаңа қалыптасып келе жатқан қарсы топтардың өкілдері де бар", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel