RU
"Мәйітін жеткізгенмін": Белгілі продюсер 10 жыл бұрын көз жұмған Руслан Бөлебайды еске алды

"Мәйітін жеткізгенмін": Белгілі продюсер 10 жыл бұрын көз жұмған Руслан Бөлебайды еске алды

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал продюсер Алтынбек Рахметов осыдан он жыл бұрын көлік апатынан қаза тапқан журналист Руслан Бөлебайды еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсердің Instagram парақшасында жазбасы көпшіліктің көзіне жас алуына себепші болған.

"Бүгін шәкіртім Русланның өмірмен қоштасқанына 10 жыл болды. Дәл осы уақытта мәйітін Қызылордаға жеткізген едім. Сенбегенмін! Жол апатынан кейін оны танымадым. АТа-анасы танығаннан кейін көңілім орнына түсті", - дейді Алтынбек Рахметов.

Ал желі қолданушылары жұлдыздай жарқ ете қалған сымбатты журналист көптің жүрегінде жылы жүзімен қалғанын алға тартты.

"Жарқ етіп өшкен жұлдыз ғой", "Жаны жәннатта болсын", "Топырағы торқа болсын", "Марқұм, жан-жақты, талантты жігіт еді".
" Біз қызылордалықтар мақтан тұтатын едік. Аққан жұлдыздай ағып түсті ғой. Айналайын, ғұмыры қысқа болды. Тіл- көз тиді ма екен", "Иманы саламат болсын", "Қалған өмірін бауырларына берсін".
"Өтіп жатқан дәурен-ай. Алла панасына алсын", "Көзі күлімдеп, əзілі жарасып, эфирге шығатын. Көрерменді өзіне баурап алатын журналист еді. Ғұмыры қысқа болды. Жаны жәннатта болғай" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Бөлебай 2009 жылы 16 шілдеде жол апатынан қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
34
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel