RU
Данэлия Төлешова бір ай бойы бұғатталған Instagram парақшасын қалпына келтірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Данэлия Төлешова бір ай бойы бұғатталған Instagram парақшасын қалпына келтірді

Рассказать Вконтакте

Жас әнші Данэлия Төлешованың Instagram парақшасын бір ай бойы бұғаттап тастаған. Ол желідегі аккаунтын тек 13 шілде, өз туған күнінде ғана қайта қалпына келтіре алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 1plus1.ua

Фото: 1plus1.ua

Әнші бұл жағдайдың не себепті орын алғанын желідегі парақшасында арнайы видео арқылы түсіндірген. Айтуынша, оның Instagram аккаунтын жасының кішілігіне байланысты бұғаттап тастаған екен.

"Instagram-да бүтіндей бір айға жоғалып кеткенімді байқадыңыздар ма? Оның себебі, менің жасымның 15-ке жетпеуінен болды. Ал жалпы менің аккаунтымды жоймақ болған, себебі ереже бойынша, бұғатталғаннан кейін аккаунт 14 күннен соң жабылуы тиіс", - дейді әнші.

Жалпы Instagram талаптарына сай оған тіркелген адамның жасы 13-тен кем болмауы тиіс.

Десе де, әнші аккаунтының қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Оған орындаушының табынушылары мен тыңдармандары себепкер болыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel