RU
"Аузын ашып, көзін жұмып": Жанар Айжанова психологтарға сенетіндерді қатаң сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Аузын ашып, көзін жұмып": Жанар Айжанова психологтарға сенетіндерді қатаң сынға алды

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әнші Жанар Айжанова соңғы уақыттары Instagram парақшасында отбасылық мәселелерді жиі қозғап жүр. Өнер иесінің кезекті жазбасы түрлі психологтар мен тренингтерге сенетіндерге арналған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші желідегі парақшасында қазақтың ас қайтаруы мен батасын ескіліктің дәстүріне теңеп, қазір түрлі тренерлерді аузын ашып, көзін жұмып тыңдайтындарды сынға алды.

"Сіздің үйде "ас қайтару", "бата беру" дәстүрі сақталған ба? Қазір бұларды біздің қоғамның ескінің қалдығы көреді. Бірақ шетелдік бір психолог, тренерлер "аффирмация", "сила слова", "энергия слова" деп бас қатырса, ауыздарын ашып, көздерін жұмып тыңдайды.
Шетел көрмеген, кітап ашып оқымаған, тек даланың пәлсапасымен өмір сүрген бабаларымыз сол сөз құдіретін баяғыда біліп, тәжірибеде қолданған еді ғой! Қазір той-томалақ, жиындарда үлкендерден бата алып жарытпаймыз. Тілек айтып кетеді. "Сол үшін алып қояйық" деп бітіріп, ұятқа қалдырады. Ал нағыз батаның астары, әр сөзінің салмағы, тәрбиелік мәні бар еді", - дейді Жанар Айжанова.

Актрисаның айтуынша, біздің бата беру дәстүрін жапондықтар зерттегенімен, сөзді қолдану шеберлігін меңгере алмапты.

"Жапон халқы қазақтың бата беру дәстүрін зерттеген. Содан батаның адамға мотивациялық әсерін, миға программа салу қасиетін анықтапты. Өздеріне осы дәстүрді енгізіп, сөздің қуатын қолданғысы келген екен. Алайда қазақтың бата беруіндегі басты ерекшелік - сөзді шебер пайдалануды жеткізе алмапты.
Бата беру жай ғана тілектер тізбегі емес: Әр сөзді орынды қолдану. Қызға, әйелге, анаға, келінге деген бата бөлек-бөлек. Жас бала, жігіт, азаматқа деген бата бөлек-бөлек. Әрқайсына арналған сөз бар. Сол сөз арқылы жүктелетін ой, сенім, мақсат бар.

Сондықтан бата беруді дәстүрге айналдырыңыздар. Жақсы бата - жақсы көңіл күйді сақтайды, қарым-қатынас ұйытқысы болады, жақындастырады, қуат береді. Атадан бата алған ұл - есті, қыз - көргенді. Енеден бата алған келін - ұятты болады. Сол бата арқылы ата-ененің статусы көрінеді. Сыйлауға лайық биігіне шығады", - деп аяқтады әнші жазбасын.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Айжанова осыған дейін құдалықтағы киітке қырқысатын құдағилар жайлы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
11
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel