RU
"Ұзатыла ма?": Қазақша көйлек киіп алған Луина елді қызықтырып қойды (фото)

"Ұзатыла ма?": Қазақша көйлек киіп алған Луина елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Луина желіде қазақша көйлек киіп алған суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Көпшілік ұлттық киімдегі эстрада жұлдызы ұзату тойына дайындалып жатыр деп болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Луина Instagram парақшасына қазақи нақыштағы қызыл түсті көйлекпен түскен суретін жүктеді. Әншіні мұндай образда көріп үйренбеген оқырмандар таңданысын жасыра алмады.

Олардың басым көпшілігі әртіс қызға қазақша көйлек өте жарасатынын жазған.

"Өте әдемі, жарасып тұр сізге" , "Қазақ көйлекте тым сұлу көрінесіз" , "Тамаша, неткен әдемі едіңіз" , "Жабық киімде көрген бір түрлі екен. Бірақ, қазақи көйлек сізге жарасымды" , "Қызыл түсті дәл тауыпсыз" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Ал кейбір оқырмандар шоу-бизнес сылқымы қалындық атанып, ұзату тойына дайындалып жатыр деп болжады.

"Ұзату болатын сияқты ғой. Жұптарыңыз жазылмасын" , "Тамаша, ұзатылайын деп жатырсың ба?" , "Ұзатылмақшы ма?" , "Ұзату Ақтауда болады ма?" , "Міне жаңалық, бақытты бол" , "Шақыру билетім қайда?", "Ұзатыла ма?" , - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel