RU
Шымкентте алаяқтық жасаған офицер 30 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте алаяқтық жасаған офицер 30 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте алаяқтық жасаған офицер сот үкімімен 30 млн теңге айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: platon.asia

Көрнекі фото: platon.asia

Ол бұрын Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің жедел іздестіру басқармасының қаржылық және салықтық қылмыстарды ашу бойынша аға офицері қызметін атқарған.

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айып тағылған.

Экс-аға офицер Мұхит қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып алдау арқылы жәбірленуші Д. Эльмұратовадан бес млн теңге талап еткен. Алайда, құзыретті орган қызметкері қылмыстық пиғылын соңына дейін  іске асыра алмай қалған. Алаяқтық жолмен жәбірленушіден қомақты қаржы қымқырып қалғысы келген бұрынғы аға офицерге ҚР ҚК нің 24 бабының 3-ші бөлігімен және 190 бабының 3-бөлігі 2-тармағымен айып тағылды.

Сотталушы сот талқылауы барысында өз кінәсін толық мойындаған.

"Сот кезінде экс-офицер прокурормен процессуалдық келісімге келген. Осыны ескерген Қаратау аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотталушы 30 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Ол сыныптық біліктілігінен айырылып, мал-мүлкі тәркіленіп алынады. Сот үкімімен Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылу жазасы тағайындалды,"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
5
1
6
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel