Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Гүлнара Каримованы жақтаған әртістер эфирден шеттеттілген

Опубликовано:

Өзбекстанда 12 шілдеден бастап Zo’rTV жекеменшік телеарнасы әнші Жахонгир Позилжонов пен актриса Халима Ибрагимованы эфирден шеттетті. Өнер иелері Zo’rTV телеарнасында ойын-сауық шоуын жүргізген деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Гүлнара Каримова. Фото: news.rufox.ru
Гүлнара Каримова. Фото: news.rufox.ru: Depositphotos

Шоу-бизнес әлеміне жақын дереккөздің хабарлауынша, телеарна жүргізушілерін тұңғыш президенттің үлкен қызы Гүлнара Каримованы әлеуметтік желілерде жақтағаны үшін эфирден алып тастаған.

Басылымның жазуынша, сонымен қатар әншілер Райхон Ганиева мен Зиёда Кобилованың әндері де эфирден берілмейтін болған.​

Өзбекстанда әрістердің қызметін бақылайтын "Өзбекконцерт" мемлекеттік бірлестігінің бір өкілінің айтуынша, бұл уақытша шара болуы мүмкін.

Еске салайық, 24-25 маусымда өзбек шоу-бизнесінің кейбір танымал өкілдері әлеуметтік желіде Гүлнара Каримованы жақтайтын челлендж ұйымдастырған.

Олар Каримованың колониядан тезірек босап шығуын сұраған. Бұл акция "Өзбекконцерт" пен Zo'r TV телеарнасы басшыларының ызасын туғызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1805891-bak-glnara-karimovany-zaktagan-rtister-efirden-settettilgen/

pixel