Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда қызметкерлер 45 градуста көше тазалауға мәжбүр болған (фото)

Опубликовано:

Өзбекстанның Жизақ облысы Заамин ауданында 17 шілдеде ауа температурасы 45 градус болды. Жергілікті билік күннің ыстығына қарамай бюджет қызметкерлерін "Даштабад – Заамин" тас жолын тазалауға шығарған деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Фото: ozodlik.org
Фото: ozodlik.org: Depositphotos

Аудандық медициналық берлестікте еден жуушы болып істейтін әйелдің сөзінше, мекеме қызметкерлерінің барлығын көше тазалауға мәжбүрлеген.

"Жүзге жуық адамның барлығына тазалайтын жер бөліп берді. Біз жабайы шөптерді, көше бойында жиналған топырақты тазаладық", - деді ол.

Ал жергілікті аурухананың санитар қызметкері бұл күні ауа температурасы 45 градустан асып түскенін атап өтті.

"Асфальттан ыстық ауа көтерілді. Көше тазалаудан бас тартсақ, бізді жұмыстан шығарып жіберер еді", - деп ашуланды ол.

Аймақтағы медициналық бірлестіктің бір қызметкері жұмысшылардың мәжбүрлі асарға қатысқанын растады.

"Облыс басшылығының бұйрығы солай болды. Оған қарсы шыға алмаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Жизақ облысы Заамин ауданында туған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1805914-mirziaevti-keletinin-estigen-kyzmetkerler-45-gradusta-kse-tazalauga-mzbr-bolgan/

pixel