RU
Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған әйелден эстафета қабылдады (видео)

Нұрлан Ноғаев Сириядан оралған әйелден эстафета қабылдады (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Сириядан оралған қазақстандық әйел Балжан Әбдірахмановадан қабылдап алды деп жазады Sn.kz.

Нұрлан Ноғаев. Фото: rsc-atyrau.kz

Нұрлан Ноғаев. Фото: rsc-atyrau.kz

Нұрлан Ноғаев ұлы ақынның "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты өлеңін оқыған.

"Ұлы Абайдың 175 жылдығына қарай ұйымдастырылған эстафетаны мен Айнұр Сапарова, Әбдірахманова Балжан, Медея Даниярқызы ханымдардан және Талғат Теменов, Бауыржан Ақтаев, Нұрасыл Нұрлыбеков мырзалардан қабыл алдым. Өз кезегімде Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңін назарларыңызға ұсынамын", - дейді Атырау облысының әкімі видеода.

Сондай-ақ Нұрлан Ноғаев эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жалғастырған болатын.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген президенттен қабыл алған эстафетаны Игорь Крутойға жолдады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel