RU
400 мың еуроны жымқырды деп айыпталған Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары сот алдына келді

400 мың еуроны жымқырды деп айыпталған Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Аманғалиев өткен жылы 400 мың еуроны жымқырды деп айыпталған еді. Шенеуніктің ісі бойынша сот процесі бүгін, 19 шілдеде басталды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mangystaumedia.kz

Фото: mangystaumedia.kz

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы аса ауыр сыбайлас жемқорлық (ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Іске сәйкес, Нұрбек Қарабалаев (Маңғыстау облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы) мен Бауыржан Сапа (сотталушының бұрынғы көмекшісі) куәгерлік етеді.

Өткен жылдың қараша айында Серік Аманғалиевты Ақтау әуежайының аумағында Ұлттық бюроның қызметкерлері қолға түсірді. Сол кезде одан 115 мың еуро көлемінде ақша тәркіленді. Параның жалпы сомасы 400 мың еуроны құрауы тиіс болған.

Тергеу болжамы бойынша, бұл ақшаны сотталушы инвестициялық жоба бойынша, атап айтқанда Мұз сарайының құрылысы үшін сұратқан.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel