RU

Рамзан Кадыров Қазақстан туымен суретке түсті (видео)

Желіде Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың Грозный қаласында велосипедпен серуендеп жүрген видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Рамзан Кадыровтың "Вконтакте" желісіндегі ресми парақшасы
Фото: видеодан кадр/Рамзан Кадыровтың "Вконтакте" желісіндегі ресми парақшасы: UGC

Кенеттен Кадыровтың алдынан қалада қыдырып жүрген бір топ қазақстандық спортшы шыққан. Қазақстандық туды көрген Рамзан Кадыров велосипедінен түсіп, жас жігіттердің қасына барған.

"Менің қазақстандықтармен амандаспауға құқым жоқ. Қалдарың қалай? Бәрі жақсы ма?
Қазақстан - біздің бауырлас халқымыз. Біздің қалада Нұрсұлтан Назарбаев салған үй бар. Назарбаев атындағы мектеп те бар. Біз Қазақстаннан келген қонақтарға әрдайым ризамыз" , - деді Кадыров.

Кадыровпен сөйлесіп болған соң, спортшылар оны қазақстандық тумен суретке түсуін сұраған.

Шешенстан басшысы туды өз қолына алып, Грозныйдың қонақтарымен естелікке суретке түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806089-ramzan-kadyrov-kazakstan-tuymen-suretke-tsti-video.html