RU
Ақтауда адамның шашылып жатқан сүйегі табылды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда адамның шашылып жатқан сүйегі табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны облыс орталығынан 50 шақырым қашықтықтағы Қаракие ойпатынан шашылып жатқан адам сүйегін тауып алды деп хабарлайды КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Ескі қазбаларды іздеуді әдетке айналдырған әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев әдеттегідей Қаракие ойпатына жолға шығыпты. Алайда, ол айдалада қураған адам сүйегіне кезіккенін айтады.

Ақтау тұрғыны радиусі 20 метр аумақтан әуелі адамның бас сүйегін, ортан жілігі мен жіліншігін тапқан.

Қазір қаңқа сот-медициналық сараптамаға жіберіліпті.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі апта бұрын Ақтау жағалауында демалушылар құмға көмілген адам сүйегін тапқан еді. Оның да кім екені және қандай жағдайда қаза тапқаны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel