RU
Қаржы министрлігі жұрттың несие бойынша қарыздарын 5 қыркүйекке дейін жауып беруге уәде етті

Қаржы министрлігі жұрттың несие бойынша қарыздарын 5 қыркүйекке дейін жауып беруге уәде етті

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында кейбір азаматтардың банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алған несиелері бойынша қарыздары биылғы жылдың 5 қыркүйегіне дейін жабылады деп жоспарланғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

"2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың кейбір санаттары үшін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша қарызды өтеуге 2019 жылға сәйкес, республикалық бюджеттен 88,5 млрд теңге қарастырылған.
Төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияны жабуға - 707 млн теңге жұмсалмақ. Қарыз алушылардың қарыздарын өтеуді ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін жүргізу жоспарланып отыр", - деді Смайылов.

Оның сөзінше, Ұлттық Банк Басқармасы ҚР азаматтарына есептелген (тиесілі) айыппұлдар мен өсімдерді 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептен шығару тетігін бекітті. Осы мақсатта проблемалық кредиттер қоры 17,5 млрд теңге көлеміндей облигациялар шығарады және оларды тұрақтылық қорының пайдасына орналастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусым күні азаматтардың жеке санаттары үшін қарыздық салмақты төмендету туралы үкімге қол қойды.

Құжаттың қолданысына көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала кезінен мүмкіндігі шектелуі жандар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 29 жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған балалар жатады.

Жарлыққа сәйкес, 2019 жылдың 1 мамырына дейін қарыздың жалпы сомасы үш миллион теңгеден аспауы қажет. Алынып тасталатын сома - әрбір борышкерге 300 мың теңгеден аспауы тиіс.

Сондай-ақ, құжат 2019 жылдың 1 мамырына дейін жинақталған өсімақы мен айыппұлдарды алып тастауды бұйырады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel