RU

Әйгілі Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды (фото, видео)

"Лос-Анджелес Гэлакси" командасының жұлдызды футболшысы Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды. 37 жастағы швециялық шабуылшы "Лос-Анджелес" клубының сапындағы Мохаммед Эль-Монирді шынтағымен ұрып жіберген деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: REUTERS / Kirby Lee
Фото: REUTERS / Kirby Lee: Twitter

Бұл жағдай америкалық MLS чемпионатындағы қос команданың кездесуі барысында болған. Лос-Анджелестен шыққан екі футбол клубының арасындағы тартысты ойын жұмы күні болып өтті.

Матч 3:2 есебімен "Гэлаксидің" жеңісімен аяқталды. Кездесудің нағыз қаһарманы Златан Ибрагимович атанды. Бұл матчта ол хет-трик жасап, өз командасын алға шығарды.

Алайда, футболшы ойын кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберіп, салдарынан оның бет сүйегін сындырып жіберген.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter

Зардап шеккен ойыншының жарақаттанған сәті мен рентген суретін "Нью-Йорк Ред Буллс" аяқдопшысы Армо Тарек өзінің Twitter парақшасында жариялаған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Эль-Монирге алдағы уақытта ота жасалынбақ. Оған қоса, бұл маусым футболшы үшін аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1806591-jgili-zlatan-ibragimovic-matc-kezinde-karsylasyny-zagyn-syndyrdy-foto-video.html